Әділетті экономика: Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықтары

15 қараша, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес факультеті «Экономика» кафедрасы 2022 жылдың 10 қараша күні «Әділетті экономика: Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықтары» тақырыбында Л.М.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті магистранттарының қатысуымен республикалық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысқан Л.М.Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономика» мамандығының 2 курс магистранттары: Елеусиз А.К., Бауыржан Ж., Елеусинова А.Б., Дидарқызы Қ., Исаев А., Оспан К., Журавлев А.Ф., Королев П.О. қатысты. Дөңгелек үстел барысында «Әділетті Қазақстан», «Әділетті Қоғам», «Әділетті экономика» мәселелері бойынша қатысушылар өз көзқарастарымен бөлісті.

Қазіргі кезде азаматтардың табысы экономикалық әлеуетімізбен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бұл ахуал, негізінен, Қазақстанда шикізатты ауқымды өңдеу ісінің жолға қойылмауына байланысты қалыптасты. Сондықтан дайын өнім шығару үшін бизнеске қолжетімді шикізат жеткізуді қамтамасыз етеміз. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Экономиканың барлық саласында тұрақты жұмыс орындары ашылады. Барлық өңірді кешенді дамытуға ерекше назар аударылады.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., профессор м.а. Даулиева Г.Р., кафедраның аға оқытушылары Иляшова Г.К., Кулиев И.У., Тураров Д.Р.