Республика күні

20 қазан, 2022

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 25-қазан Республика күнін биыл ұлттық мереке деп қайта бекітті. Бұл күн мемлекетіміздің тәуелсіздік алуында, тарихымызда үлкен орынға ие. 1990 жылы қазан айының 25 жұлдызында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Осы декларация негізінде 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заң қабылданды.

Ұлттық мерекеге орай, 2022 жылдың 20-қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология және гидрология кафедрасының 4-курс студенттерінің ат салысуымен Республика күні аталып өтілді. Іс-шараға кафедрамыздың оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс шара аясында студенттер көрермендеріміздің санасына жаңғырту жасап, еліміздің тәуелсіздік алу жолын саралап, көптеген ақпараттармен бөлісті. Шара барысында студенттер өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық аспабымыз домбырада күй шертіп, хормен патриоттық ән шырқады. Мерекелік іс-шара көрермендері мен кафедра оқытушыларының көңілінен шығып, ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді. Бітіруші курс студенттері өздерінің патриоттық сезімдерін көрсетіп, Жаңа Қазақстанның болашағы жастар екенін дәріптеп, жеткізуге тырысты.

 

 

География және табиғатты пайдалану факультеті

Метеорология және гидрология кафедрасы

4 курс, қ/б, Гидрология

Куратор-эдвайзер: Дауталиева М.

                              Оспанова М.