Шетелдік құрметті профессор Хайдар Аббастың дәрістері

7 қыркүйек, 2022

Биылғы оқу жылының басында Ақпараттық жүйелер кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін шетелдік атақты профессор Хайдар Аббастың арнайы дәріс курстары басталды. 

Хайдар Аббас мырза – Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің профессоры, MCS-NUST ғылыми-зерттеу және әзірлеу бөлімінің басшысы және Ұлттық киберқауіпсіздік аудиті және бағалау зертханасының директоры (Пәкістан).

Ақпараттық қауіпсіздік саласында қызығушылық танытқан барлық студенттер, магистранттар және докторанттар сонымен қатар, жас ғалымдар, оқытушылар әр күні Ақпараттық технологиялар факультетінің 213-аудиториясында өтілетін профессор Хайдар Аббастың дәрістерін тыңдауға шақырамыз. 

Ақпараттық жүйелер кафедрасы