ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «СТУДЕНТТІК ӨМІР МҰХИТЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ІС-ШАРА

18 қараша, 2022

2022 жылдың 18 қарашасында 202 аудиторида әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика жәнебизнес Жоғары мектебінде Халықаралықстуденттер күніне арналған «Студенттік өмірмұхитында» тақырыбында іс-шара өттіІс-шараныұйымдастырушыларәл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің«Бизнес-технологиялар» кафедрасыныңмеңгерушісіэ.ғ.к., қауымдастырылған профессор(доцент) Ахметова З.Б., кафедра меңгерушісініңоқу-әдістемелік және тәрбие ісі жұмысы жөніндегіорынбасары, аға оқытушы Турлыбекова Н.М.э.ғ.к., профессор м.а. Кожамкулова Ж.Т. және аға оқытушы Шуренов Н.Б., докторант Голубцов Д. және ЭМАТХИ (МИЭМИС) Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул, Ресей).

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жұмысы жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Турлыбекова Н.М. құттықтау сөз сөйлеп, студенттерді мерекелерімен құттықтап, барша студенттерге сәттілік және қысқы сессияны сәтті тапсыруды тіледі.

Сондай-ақ, Халықаралық студенттер күніне арналған іс-шарада ЭМАТХИ (МИЭСИС)директорының тәрбие жұмысы және түлектерді жұмыспен қамту жөніндегі орынбасары Лепешкина Светлана Викторовна құттықтау сөз сөйледі. Лепешкина С.В. студенттерді құттықтағаннан кейін, «Студенттік – алтын уақыт» тақырыбындағы халықаралық шығармашылық байқау жөнінде, байқаудың мақсаты, міндеттері мен кезеңдері туралы, сондай-ақ байқаудың өткізілу мерзімі жайлы айтып берді.

Іс-шарада құттықтау сөзбен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы сөз сөйледі: э.ғ.д., доцент Бейсенова М.У., т.ғ.к., доцент м.а. Ахметқалиева С.Қ. және аға оқытушылар Бекметова А.Қ., Шуренов Н.Б.

Мерекелеік іс-шара барысында студенттергеХалықаралық студенттер күні мерекесінің тарихытуралы айтылып, осы мереке туралы бейнефильмшағын фильм көрсетілдіСондай-ақстуденттергебұл мерекені Чехия, АҚШ, Жапония, Польша, Бразилия, Египет және т.бшет елдердегістуденттер қалай тойлайтыны туралы айтылды. Шара соңында студенттер студенттік өмір туралыөте қызықты сұрақтарға жауап беріпKahootойынын ойнады.