«Think about career now!»- осындай ұранмен ірі өндіріс-орындарының жұмыс берушілердің студенттермен кездесуі өтті. Кездесудің басты мақсаты студенттерді IT консалтинг, интернет-маркетинг және менеджмент саласымен таныстыру болды. Компания өкілдері студенттерге қалай тәжирибе өтіп, болашақта жұмысқа орналасу туралы презентациясын өткізді.
Key Partners компаниясы студенттерді «Томас» жүйесінің негізгі құралдарымен таныстырды. Бұл адам қылығын анықтаудағы сирек кездесетін методика болып табылады. Сонымен қатар адамның кушті және осал жақтарын айқындайды. Ал «Сары Арка» компаниясы интернет-маркетинг нарығында жұмыс істей отырып «Интернет-маркетингтің негізі» және «Сатудағы күш» тренингін өткізді. Кездесу барысында «Prime Source» компаниясы Career in IT business, IT консалтинг тақырыбында презентация өткізді. Сондай-ақ, «Profi center» оқу орталығы қысқа мерзімді оқу бағдарламасын презентациялады: жеке тұлғаларды несиелендіру менеджері; заңды тұлғаларды несиелендіру менеджері; жеке тұлғаларға қызмет көрсету менеджері (әмбебап менеджер). Бағдарламаның тренингті бөлімі тыңдаушыларға сатудың тэжірибелік және клиенттерге қызмет көрсету дағдысын меңгеріп алуға көмектеседің жолдарын үйретті.
Мансап және бизнес орталығы