2022 жылдың 20 қазан күні «Экономика» кафедрасының кураторлары Иляшова Г.К. және Тұраров Д.Р. 2 курс студенттерімен келе жатқан 25 қазан Республика күніне орай «Қазақстан болашағына көзқарас» атты дөңгелек үстел өткізілді. Егемендік - көптеген ұлттар мен халықтардың мәңгілік асқақ арманы да, мақсаты да болды. Бабаларымыз да «Егемен болмай ел болмас,» деп, осынау ұлан-ғайыр даланы иемденген халқының тәуелсіз ел болып, өзгелермен терезесі тең, жеке мемлекет болғанын армандап өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақ КСР-інің «Мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы қабылдаған күнді ресми мереке етіп сайлағандығынан барлығымыз хабардармыз. Егемендік - ел еңсесін көтеріп, тәуелсіздігіне тұғыр болатын, болашағын баянды ететін және өткенінен өнегелі өсиет алуға жеткізетін маңыздыққа ие.