ҚазҰУ-да – Швейцария ғылымы

28 қараша, 2011

28 қарашада Қазақстан мен Швейцария арасында ғылыми қарым қатынасты нығайтумен достық, мәдени, білім және ғылыми тұрғыда тәжірибе алмасу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Швейцария ғылымы» атты көрме өз жұмысын бастады. Көрмеде негізінен швейцариялық ғалымдардың осы уақытта дейін физика, тарих, астрономия және де басқа да ғылым саласында жеткен еңбектері фотосурет түрінде жиналып, жұртшылыққа таныстырылды.

Кештің негізгі қонақтары ҚазҰУ-дың ректоры Ғ.М.Мұтанов және Швейцарияның ҚР төтенше және өкілетті елшісі С.Неллен болды. Бұл шараға студенттер мен оқытушылар да қатысты. Көрменің ашылу салтанытында сөз алған С.Неллен екі ел арасындағы достық қарым қатынасқа қуанышты екенін білдірді. Швейцария елі тек қана Швейцар сағаттары мен шоколадтың отаны ғана емес сонымен қатар, атақты ғалымдардың да отаны екенін атап өтті. Осы көрмеде көрсетілген еңбектердің авторларының көп бөлігі Швейцария елінде білім алған немесе осы елде ғылыммен айналысқан ғалымдар екенін мақтанышпен атады. Ал Швейцарияның Цюрих университетінің профессоры П.Хенка қазақ елінде қазақша сөз саптап, өзге әріптестерінен ерекшеленді. Профессордың қазақ тілінде сөйлеуі жиналған жұртшылықтың ризашылығын тудырды. Ол өз сөзінде осы көрменің ұйымдастырылуына көп көмек көрсеткені үшін ҚазҰУ-дың ректоры мен әкімшілігіне ризашылығын білдірді.

Көрмеде 25 көрнекті ғалымның еңбектері фотопортрет түрінде көрсетілген. Сонымен қатар Швейцарияның көрнекті фотосуретшісі Э.Полдың таңдаулы еңбектері ұсынылды. Көрменің ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін университет ректоры Ғ.Мұтанов пен шетелдік қонақтар ҚазҰУ-дың мұражайын аралап, жайылған дастарханнан ауыз тиді. Көрменің алшағшы ашылу салтанатынан кейін шара Цюрих университетінің профессоры, әлеуметтік және мәдени антропология департаменті директоры П.Финкенің университет факультеттерінде оқитын дәрісіне ұласты. Көрме 28 қарашадан 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі