Ағылшын тілін ұялы телефон арқылы оқыту жобасы
2011 жылдың 28 қарашасы мен 2 желтоқсан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінде өткен ұялы телефон арқылы оқыту технологиясы бойынша тест тапсыру шарасы өтті. Тестілеуге гуманитарлық факультеттерде оқитын 100 студент қатысты, олар америкалық ағылшын тілінің негізгі курсының бірінші деңгейін меңгерді, 100 студенттің 95 студенті тестік сынақтан өтті.
Әртүрлі тілдік деңгейдегі студенттердің айтулары бойынша, ең бірінші көрсеткіш – сөйлеу айтылымдарының жақсарғандығын байқағаны, себебі жаттығуларды шектеусіз тыңдап және өз нұсқасын жаза алады, сондай-ақ, өздерімен бірге ноутбукты тасып немесе компьютер класс іздеп жүрмейді.
Оқытушылар студенттердің оңтайлы көзқарастарын байқаған, сонымен қатар, тіл үйренушілердің ағылшын фильм және ағылшын өлеңдерде кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін түсіне бастағандарын айтады.
Пилоттық жоба ұялы телефонға орнатылған арнайы базалық бағдарлама арқылы шет тілін оқытудың инновациалық әдісіне негізделген. Бұл әдісті “So To Speak” швед компаниясы ойлап тапқан, оның өкілдері - әдістеменің авторы Карл Хофсо және техникалық жағынан қолдаушы Фуад Джаззaр аралық бақылауға шақырылды. Енді бұл тестілеу бағдарламасы шет тілдер кафедрасының пайдалануына қалады.
Проектінің демеулік қолдау көрсетушісі - “Nokia-Kazakhstan” - жобаны іске асыру мақсатында студенттерге 100, оқытушыларға 10 ұялы телефон ұсынды.