Халықаралық қатынастар факультетіндегі лидерлік дәріс

13 желтоқсан, 2011

Профессор Вульф Лапинстің «Ауғанстан – Орталық Азия: сыни шолулар және болашағы» тақырыбындағы лидерлік дәрісі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдық қарсаңында халықаралық қатынастар факультетінде өткізілді. Дәріс Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне және Қазақстанның аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне арналды.


Факультет деканы К.Н. Шакиров дәріскерді таныстыра келе, В. Лапинстің Халықаралық қатынастар факультеті студенттерінің ғылыми дүние танымының қалыптасуына қосқан үлесін атап көрсетті. Сонымен қатар К.Н. Шакиров қоғамдық бастама бойынша шақырылған дәріскер ретінде құрметті профессор бес жылдан бері студенттерге ай сайын дәріс оқитындығын және оның белсенді қолдауының арқасында ғылыми және білім беру жобалары жүзеге асырылатындығын, сондай-ақ, В. Лапинс Орталық Азиядағы ең ірі Фридрих Эберт атындағы неміс қорының жетекшісі ретінде ешқандай шүбәсіз лидерге тән барлық белгілер мен қасиеттерді иемденген маман екендігін де атап өтті. Профессор М.Ш. Губайдуллина Германияда қабылданған немістік дәстүр бойынша Вульф Винрих Лапинстің жеке ісімен студенттерді таныстыра келе, құрметті профессордың кәсіби қызметіндегі ең жарқын жетістіктерінен аудиторияны құлағдар етті. Сондай-ақ, профессор М.Ш. Губайдуллина Орталық Азия елдеріндегі тікелей қызметінен өзге, Вульф Лапинстің саясаттанушы-халықаралық қатынастар және құқықтанушы мамандардың өз ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытуын ұдайы ынталандырып отыратын белгілі ғалым екендігін атап өтті. В. Лапинстің өзінің жеке авторлығымен жарық көрген көптеген ғылыми еңбектерден өзге оның редакциясын басқаруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-ғалымдарының еңбектері де жарық көрді. Бұл еңбектерді студенттер мен оқытушылар осы күндері кеңінен пайдалануда. Оның жетекшілігіндегі Эберт атындағы қор ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті жанынан герман зерттеу орталығын ашу жөніндегі ұсынысты қызу қолдады. Бұл орталық Болон үдерісі ауқымында жаңа ғылыми міндеттерді шешетін болады.

Биология факультетінің үлкен актілік залында өткізілген лидерлік дәріске болашақ халықаралық қатынастар мен құқықтанушы мамандар, ұзын саны жүзден асып жығылатын – студенттер, магистранттар, докторанттар және факультеттегі әртүрлі мамандықтардың оқытушылары жиналды. Олар аймақтағы халықаралық жағдайды: өте күрделі сыртқы саяси қауіптер мен қатерлердің комбинацияларын және өзге елдердің сыртқы саяси бағытынан ерекшеленетін Қазақстанның сыртқы саяси бағытының талдауын аса қызығушылықпен тыңдады.

Тыңдармандардың көз алдынан дәріскер суреттеген Ауғанстан мен оның жақын көршілері бастарынан кешірген оқиғалар мен олардың болашақтағы жағдайының ықтималды болашағының тізбегі өтіп жатты. Ауғанстандағы НАТО-ның басшылығымен жүзеге асырылып жатқан әскери қимылдарға, ортаазиялық елдер мен әлемдік жетекші елдердің ұстанған позицияларына қатысты студенттердің түсіндірмелері және олардың тарапынан В. Лапинске қойылған жергілікті соғыстардың салдарлары мен бейбітшіліктің болашағы туралы сұрақтар кездесудің тақырыптық мәселесінің біздің тыңдармандарымыз үшін маңызды екендігін дәлелдеп берді.

Өз кезегінде В. Лапинс, бірнеше рет өзімен әртүрлі аудиторияда – дәрістерде, дөңгелек үстелдерде, конференцияларда, Қордың кеңсесінде пікірталасқа түскен Бехзод Икромов, Эльмира Юнусова, Маргарита Блинкова, Тахмина Абылгазинова, Зарина Каршиева, Илхом Гадозода және басқа да студенттердің мейлінше белсенділігін атап өтті.

Вульф Лапинстің лидерлік дәрісін белгілі шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің студенттермен кездесулері жалғастырды және олар халықаралық қатынастар факультетіндегі семестрді аяқтады.

Халықаралық қатынастар факультеті