Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына орай студенттер арасында ағылшын тіліндеі «For a nuclear–free world» коференциясы өтті

12 қаңтар, 2012

Семей ядролық полигонының жабылуының 20 жылдығына орай студенттер арасында ағылшын тіліндеі «For a nuclear–free world» коференциясы өтті.

Конференцияны дипломатиялық аударма кафедрасының доценті Г.С.Сулейменова мен аға оқытушы Г.А.Карипбаева ұйымдастырды. Онда халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенті Жәнібек Арынов пен Дәурен Копабаев модераторлық жасады.

Конференцияда факультет деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Шакиров және дипломаттық аударма кафедрасының доценттері сөз алып, пікірлерімен бөлісті. Семей қаласында туып-өскен дипломаттық аударма кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Карипбаева «Полигон глазами очевидца» баяндамасын оқыса, халықаралық қатынастар және қалықаралық құқық мамандықтарының 2-курс студенттері Семей ядролық полигонының тарихына, жарылыс кезеңдеріне, жарылыстың адам денсаулығына әсері турасында шолу жасады. Сонымен бірге бұл конференцияда «Невада-Семей» ядролық қозғалысы жайында кеңінен айтылды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі