«Логистика» мамандығы бойынша «ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында VI Халықаралық студенттік сырттай олимпиада

9 желтоқсан, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы 2022 жылдың 1 – 7 желтоқсан аралығында «Логистика» мамандығы бойынша «Логистика мен маркетингтегі цифрлық технологиялар» тақырыбында VI халықаралық студенттік сырттай олимпиадасын өткізді.

«Логистика» мамандығы бойынша Олимпиада екі кезеңде өткізілді. VI Халықаралық студенттік сырттай олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО белгіленген нысан бойынша қатысушылардың өтінімін толтырып, ұйымдастырушыларға жіберді. Мамандық бойынша жобалар мен эсселер 01.12.2022 жылға дейін ұйымдастырушыларға olimpiada_kaznu2022@mail.ru электронды поштасына жіберілді.

«Логистика» мамандығы бойынша VI халықаралық студенттік сырттай олимпиадасына қатысу үшін 5 жоғары оқу орнынан 9 өтінім берілді.

Жіберілген жауаптардың нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған командалар іріктелді.

VI Халықаралық студенттік сырттай олимпиадасының ұйымдастырушылары келесі жеңімпаздарды құттықтайды!

I дәрежелі дипломмен - 1 команда:

1.                 «Логистика к2» командасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

II дәрежелі дипломмен - 2 команда

1.                 LOGIC SILKWAY команда, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті (www.keu.kz) 

2.                 «F-four»  командасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

III дәрежелі дипломмен - 3 команда:

1.                 «SMART LOGISTIC» командасы, «ТУРАН» университеті

2.                 «Инноваторы» командасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

3.                 «Логисты Авиации» командасы, Азаматтық авиация академиясы