Финляндиядан келген профессор Айжас Шейхпен ПОҚ үшін оқыту семинары

2 желтоқсан, 2022

 

02.12.2022 ж. сағат 11.00-13.00. Менеджмент кафедрасының шетелдік профессоры, PhD Айжаз Шейх (Jyvaskyla университеті, Ювяскюля қ., Финляндия) ЖОО қызметкерлері үшін "Understanding the new pedagogical/teaching methods in the digital era and how to implement them in everyday teaching at KazNU" тақырыбында семинар-тренингін өткізді. Семинарда цифрлық технологиялар дәуіріндегі оқытудың жаңа теориялары мен тәсілдері қарастырылып, білім мен тиімді онлайн оқытуды жобалау қабілетіне сұраныстың жоғары өсуіне байланысты білім беру қызметкерлерін даярлау мәселелері талқыланды.

Айжаз Шейх кафедра докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі, Scopus ДБ бойынша ғалымның Хирш индексі-16 болып табылады.  Оқу процесіне шетелдік профессорды тарту бағдарламасы шеңберінде кафедраның жас ғалымдарымен бірлесе отырып, гранттық бағдарламаларға, халықаралық жобаларға қатысу үшін proposal дайындау, рецензияланатын халықаралық журналдарда (Scopus, Thomson Reuters) жариялау үшін ғылыми мақалалар дайындау жұмыстары жүргізілуде, кафедраның ПОҚ-мен магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын жаңғырту бойынша ұсыныстарды енгізу мақсатында талқылау жүргізілуде.