Ресейлік ғалым екі апталық дәріс курсын өткіздіFarabi University

Ресейлік ғалым екі апталық дәріс курсын өткізді

13 желтоқсан, 2022

2022 жылдың 17 мен 26 қарашасы аралығында  Н.П.Огарев атындағы Мордова мемлекеттік университетінің (Ресей федерациясы, Саранск қ.) ағылшын филологиясы кафедрасының доценті, шет тілдер факультеті деканының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары Ирина Валерьевна Коровина "Параметры культурных различий и их влияния на межкультурную коммуникацию" атты тақырыпта 2 апталық лециялар курсын өткізді.

И.В. Коровина кафедрамыздың 2-курс докторанты Мұқатай Клараның шетелдік ғылыми жетекшісі. Курс басталмас бұрын, Ирина Валерьевна факультет деканы Ем Наталья Борисовнаның қабылдауында болды. Факультет деканы мен Ресейден келген ғалым екі университет арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамытудың жолдарын талқылады. Ресейлік қонағымыз өзінің дәрістерінде қазіргі лингвистика саласындағы негізгі бағыттардың бірі, мәдениетаралық қарым-қатынасқа жан-жақты тоқталды. Курсқа 1-2 курс магистранттары қатыстырылды. Лекциялар өте жоғары деңгейде өтті және  магистранттардың үлкен қызығушылығын тудырды. Болашақта осындай қызықты да пайдалы дәрістер жалғасын табыды. Екі университет арасындағы ынтымақтастық дами береді деген үміттеміз.