Падуя университетіндегі ғылыми тағылымдама

23 желтоқсан, 2022

2022 жылдың 08 қарашасы мен 18 қарашасы аралығында «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Сәуле Купешова «Стратегиялық бренд менеджменті кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде» тақырыбында Падуя университетінде (University of Padua, Падуя, Италия). ғылыми тағылымдамадан өтті. 

  Падуя университеті 800 жылдан астам тарихы бар Италиядағы ең үлкен және Еуропадағы ең көне университеттердің бірі. Падуа университетінің тарихында адамзаттың мәдени және ғылыми тарихын өзгерткен көптеген көрнекті тұлғалар бар: Николай Коперник, Галилео Галилей, Андреас Везалиус, Уильям Харви және басқалар.

Университеттің 32 факультетінде 60 мыңнан астам студент оқиды, 2200 оқытушы, 100-ден астам бакалавриат курстары, осыншама магистратура мамандықтары, 10 мамандандырылған оқу курстары, жалпы қоры екі миллионды құрайтын 29 кітапхан мен 13 мұражай бар.

      Падуа университеті әрқашан Италияның, Еуропаның және әлемнің үздік университеттерінің тізімінде. Бүгінгі таңда Падуа университеті Times Higher Education World University Rankings нұсқасы бойынша Италияда 4-ші орында және US News & World Report нұсқасы бойынша Еуропада 48-ші орында. SDG4 - Сапалы білім рейтингінде ол әлемде 14-ші орында. Сонымен қатар, ол QS World University Ranking рейтингі бойынша 2022 жылы 243-орынға ие болған әлемдегі ең үздік 300 университеттің қатарына енді.

Тағылымдама аясында университет ғалымдарымен оффлайн және онлайн кездесулер өткізілді, тағылымдама тақырыбы бойынша зерттеулерге шолу жасалды. қазақстандық кәсіпорындарда брендті басқару стратегиясын қалыптастыру және енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Италиядағы стратегиялық брендті басқару құралдары талқыланды. Падуяуниверситеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламалар саласындағы ынтымақтастық мәселелері де қарастырылды.