ЭжБЖМ қысқы мектебі аясындағы шетелдік профессордың семинар-тренингі

23 желтоқсан, 2022

Желтоқсанның 20-шы жұлдызында сағат 11.00-13.00. Экономика және бизнес жоғары мектебіндегі білім алушылар мен ПОҚ–ның ғылыми және жарияланымдық белсенділігін арттыру үшін қысқы мектеп шеңберінде Менеджмент кафедрасының шақырылған профессоры PhD Айжаз Шейх (Jyvaskyla университеті, Ювяскюля қ., Финляндия) «How to promote the scientific research publication culture in Kazakhstan?» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді. Семинарда сапалы ғылыми жарияланымды дайындау кезеңдері қарастырылып, ғылыми жарияланымдар этикасы, авторларға арналған халықаралық бастамалар мен стандарттар талқыланды.

Айжаз Шейх кафедра докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі болып табылады. Шетелдік профессорды тарту бағдарламасы шеңберінде кафедраның жас ғалымдарымен бірлесе отырып, Айжаз Шейхпен рецензияланатын халықаралық журналдарда (Scopus, Thomson Reuters) жариялау үшін гранттық бағдарламаларға, халықаралық жобаларға қатысу үшін proposal дайындау мен ғылыми мақалалар жазу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ шетелдік ғалым Айжаз Шейх ғылыми жарияланымдар мен оқу-әдістемелік материалдардың мазмұнын жетілдіру мақсатында оларға рецензиялауда. Scopus ДБ бойынша ғалым Хирш индексі-16 -ға тең.