ҚазҰУ ғалымдарына атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар тағайындалды

29 желтоқсан, 2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдарына ғылым саласындағы 2022 жылға арналған атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығымен Д.А. Қонаев атындағы сыйлық Серік Анатолиұлы Хохлов пен Марғұлан Қасенұлы Ибраимовқа «Астрофизика мен электроника есептерін шешу үшін нейрондық желіні талдаудың және компьютерлік моделдеудің жаңа әдістерін жасау» жобасы үшін марапатталды. Ғылым саласындағы атаулы марапаттар ғалымдарға 2022 жылдың соңына дейін табысталады.

Ал мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалған ғалымдардың тізіміне: ҚазҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Раушангүл Әмірденқызы Авакова, теориялық физика кафедрасының оқытушысы, PhD Қуантай Абғазыұлы Бошқаев, қауымдастырылған профессор, химия ғылымдарының кандидаты Болат Нұрланұлы Кеңесов, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының меңгерушісі, профессор Қоданова Сандуғаш Құлмағамбетқызы, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы профессоры Андрей Курбатов,орыс филологиясы және әлемдік әдебиет кафедрасының профессоры м.а. Серік Қоспиұлы Мизанбеков сынды ғалымдар бар.

Сондай-ақ ғылыми мемлекеттік стипендия жас ғалымдар – Ажар Айдарқызы Атчабарова, Жолдас Аладинұлы Бөрібаев, Бейімбет Серікұлы Дарібаев, Алена Демченко, Тимур Сәкенұлы Иманқұлов, Қанағат Қажмұханұлы Кишибаев, Ерғали Бержігітұлы Құрманов, Нұржігіт Бахытұлы Құттыбай, Гүлназ Әбсаттарқызы Сейтімова, Изат Темірғалиұлы Смекеновке тағайындалды.

ҚазҰУ ғалымдарымен жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі