14 желтоқсан, 2022

2022 жылдың 14 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес технологиялары» кафедрасының оқытушылары Almaty Management University және Turan University оқытушыларымен бірлесіп фокус-топ түрінде сапалы зерттеу жүргізді. Фокус-топтың тақырыбы «The Gender STEM Gap - Women in Higher Education» бойынша Аризона мемлекеттік университетінің (АҚШ) халықаралық зерттеу жобасының бөлігі ретінде «STEM-дегі гендерлік айырмашылық».Фокус-топ STEM (Ғылым, Технология, Инженерия, Математика) студенттері арасындағы гендерлік айырмашылықты зерттеуге көмектесуі керек еді. Зерттеушілер тобы STEM және STEM емес мамандықтар бойынша зерттеу нәтижелерін салыстырып, неге техникалық мамандықтар ұлдар үшін тартымды, ал әлеуметтік-гуманитарлық пәндер қыздар үшін қызықтырақ екенін түсінуге ниетті. Сауалнама нәтижелері университеттердің кәсіптік бағдарлау саясатын түзетуге көмектеседі.Фокус-топты ұйымдастырушылар: Тұран университетінің доценті Тарақбаева Р.Е., Алматы менеджмент университетінің доценті Липовка А.В., әл-Фараби атындағы бизнес-технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Еримпашева А.Т., Адилова Н.Д., Әбдіқұл Ш.Н. , Қажмұратова А.Қ., доцент Ахметқалиева С.Қ.