Шетелдік студенттермен кездесу

30 қаңтар, 2023

2023 жылдың 26 ​​қаңтарында «Менеджмент» кафедрасының эдвайзерлері профессор Адамбекова А.А., доцент Сугирова Г.С. және шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі үйлестіруші Туребекова Б.О. «Менеджмент» оқу бағытының 1, 2, 3 курс шетелдік студенттерімен университеттік ортада студенттерге бағыт-бағдар беру бойынша іс-шара өткізді.

Кездесу барысында университет студенттерінің құқықтары мен міндеттері, ар-намыс кодексі талқыланып, студенттерге жалпы академиялық ұсыныстар айтылды. Қазақстанға оқуға келетін шетел азаматтарының Қазақстанда болуын реттеу ережелері, сондай-ақ медициналық сақтандыруды ұйымдастыру туралы ақпарат қызығушылық тудырды.

Студенттер Сохраб Акрами, Файзи Атикулла талқыланған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, әл-Фараби университетінде оқудан алған әсерлерімен бөлісіп, кәсіптік жоспарлары түралы айтты. Іс-шара шетелдік студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Кездесуде еркін, қызығушылық атмосферасы орнады. Одан әрі бірлескен іс-шаралар бойынша ұсыныстар жасалды.