ХIX Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті
                        2 ақпан, 2023                    
                 
                2023 жылдың 1-ші ақпанында О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектебінде (Алматы қаласы) математика, физика және информатикадан ХIX Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы өтті. Бұл жылы дәстүрлі олимпиядаға әлемнің 25 мемлекетінен 1300 адам қатысады. Олимпиаданың ашылу салтанатына механика-математика факультетінің деканы У.С. Абдибеков қатысты.
 
         
                                 
                                