Түркия профессоры кафедрамызда қонақта

30 қыркүйек, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасына Йылдыз техникалық университетінің (Түркия) профессоры Наджи Йастыклы мырза “Фотограмметрия және жерді қашықтан зондылау” бағыттары бойынша 1-30 қыркүйек аралығында, 1 айлық дәріс оқуға келген болатын. Профессор Наджи Йастыклы ҚР ҒжЖБ министрлігі бекіткен, университетіміздің жүзеге асыруымен жүргізіліп жатқан бағдарламасы аясында кафедрамыздың магистранттары мен докторанттарына арнайы дәріс оқу, оқытушы-профессорлар құрамымен кездесіп, семинар өткізу мақсатында шақырылды. Қыркүйек айының 27 жұлдызында кафедрамыздың оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер мен магистранттар, докторанттардың қатысуымен Наджи Йастыклымен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар профессорға сұрақтарын қойып, пікір алмасты.