- Басты бет
- Жаңалықтар
- Республикалық физика-математика мектебінде "FIZMAT Education Fair - 2023" III халықаралық білім беру көрмесі өтті
Республикалық физика-математика мектебінде "FIZMAT Education Fair - 2023" III халықаралық білім беру көрмесі өтті
6 ақпан, 2023
2023 жылдың 4 ақпанында Республикалық физика-математика мектебінде "FIZMAT Education Fair - 2023" III халықаралық білім беру көрмесі өтті. Білім беру көрмесі математика, физика және информатика бойынша XIX Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өткізіліп, оған 21 елден 1500 оқушы қатысты.
Көрме бағдарламасына механика-математика факультетінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары Досжан Н.С. кәсіби бағдар беруші ретінде қатысып, оқушыларға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таныстырды. Көрмеге қатысқан мектеп оқушылары механика-математика факультеті мен білім беру бағдарламалары жайлы толық ақпарат алды.
|
|
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2801870279669de8679bc1d452628194_4.jpg)
22 шілде, 2024
![](/storage/news/3143404026669a457ef1a67363282100_10.jpeg)
19 шілде, 2024
![](/storage/news/33871989506699f775bddfe215293067_(3).jpg)
19 шілде, 2024