Османгази университетіндегі тағылымдамасы
Мен, Алиасқар Жансая Нұрланбекқызы 2022-2023 оқу жылының 1 семестрінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы тарапынан екі жақты келісім-шарт бойынша Түркия Республикасы, Эскишехир қаласы, Османгази университетінде “Түрік тілі және әдебиеті” факультетінде білім алдым. Бұл оқу сапарымның негізгі мақсаты түрік тілін тереңдете оқып, өз білімімді жоғарылатумен қатар, түрік мәдениетімен жақынырақ танысу болып табылды. Түрік тілін тек сабақ барысында ғана емес, күнделікті өмірде де пайдаланып, түрік тілі деңгейімнің көтерілгенін байқадым.
Оқу барысында “Менің Отаным – Қазақстан”, “Қазақ киносы әлемдік кинонарыққа шыға алады ма?” секілді мақалаларды аударып, «Әдебиеттің адам өмірінде маңызы », “Казахская литература - поэзия кочевого народа» секілді рефераттар жаздым. Сонымен қатар университет ішінде ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып, одан бөлек әр түрлі мейрамдарға ат салысу арқылы түрік мәдениетіне деген түсінігім арта түсті. Бұдан бөлек, әлемнің әр түкпірінен достар кездестіріп, өзімде бұрын соңды байқамаған жаңа қырларымды аша білдім. Ағылшын, әзірбайжан тілдерін біршама үйреніп, біраз тәжірибе жасадым.
Өзімді жеке тұлға ретінде де дамытуға мүмкіндіктер алдым. Османгангази университетінде өткізген 4 айым естен кетпес сәттерге толы болды. Осы мүмкіндіктердің жүзеге асуына көмектескен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылар құрамына, оның ішінде Түрксой кафедрасының оқытушылар құрамына үлкен алғысымды білдіремін.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының Шетел филологиясы бөлімінің 3 курс студенті:
Алиасқар Жансая
Басқа жаңалықтар

