«Халықаралық логистика» (магистратура) қос диплом білім беру бағдарламасы бойынша презентация

21 ақпан, 2023

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2023 жылдың 17 ақпанында сағат 15:00 - де «Халықаралық логистика» (магистратура) қосдиплом білім беру бағдарламасының (ББ) онлайн-презентациясы өтті.

Білім беру бағдарламасының артықшылықтарыбюджеттік орындардың саны, стипендиялардың мөлшеріеңбек нарығындағыжағдай мен мансаптық мүмкіндіктер жөніндеРесей халықтар достығы университетінің (РХДУ) (www.rudn.ru) экономика факультетінің деканы, «Халықаралық экономикалық қатынастар»кафедрасының меңгерушісіРХДУ тарапынан«Халықаралық логистика» ББ үйлестірушісі Андронова Инна Витальевна, деканның сыртқыэкономикалық байланыстар жөніндегіорынбасарыэ.ғ.к., «Халықаралық экономикалыққатынастар» кафедрасының ассистенті СоколанДарья Сергеевна айтып берді.

Тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын спикерлерге қойды. Аталған іс – шара студенттерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ(www.kaznu.kz) (Алматы қ., Қазақстан) мен РХДУ(Мәскеу қ., РФ) 2021 жылдан бері бірлесіп табысты жүзеге асырылып жатқан «Халықаралық логистика» (магистратура) ББ жөнінде барынша толық ақпаратты беруге арналған.

Ұйымдастырушылар: э.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент), әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – дің «Бизнес – технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б., аға оқытушы, әл – Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан «Халықаралық логистика» ББ үйлестірушісі Шуренов Н.Б.