- Басты бет
- Жаңалықтар
- “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама – қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет” тақырыбында дөңгелек үстел
“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама – қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет” тақырыбында дөңгелек үстел
3 ақпан, 2023
“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама – қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет” тақырыбында дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 3 ақпанында ХVІІІ ғасыр ақиқатын меңзеген роман Ақтабан шұбырынды оқиғасының 300 жылдығына орай Тарих факультеті,«Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға Журналистика факультеті мен Экономика және жоғары бизнес мектебінің студенттері, Тарих факультетінің магистранттары қатысып, “Ақтабан шұбырынды” оқиғасына баяндамалар оқыды. Шарада Тарих факультетінің деканы Байгунаков Досбол Сүлейменұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, Доцент Ноянов Еділ Ноянұлы Кеңес тарихнамасындағы “Ұлы қасіреттің” ашылмаған тұстарына тоқталып, тарихшының көзімен пікір білдірді. Дөңгелек үстел қызу пікірталас алаңына айнала түсті. Әртүрлі өткір пікірлер қозғалып, тарихи мәселелердің шешімін табуға тырысты. Сондай-ақ өнерлі студенттер қатарында 1-курс студенті айтыскер Бексұлтан Дарын сұм заман жайында арнауын паш етті. Жүргізушілер Есімхан Айгерім мен Медетбекұлы Ербол өлең шұмақтарын оқыды. Сатыбалды Асылзат патриоттық әнін шырқаса, Болысбек Мадияр, Жеңісбекқызы Аягөз, Сабыр Шұғыла күмбірлеген домбырада ойнап, көрермендерді тәнтті етті. “Елім айлап өткен заман өнегесі” атты тақырыпта «Менеджмент» мамандығының студенті Зейнолла Дамиля презентация қорғады. Кеш соңы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасы қазақ тарихында өшпес із қалдырғанын, болашақ ұрпақ үшін ешқашан ұмытылмайтыны жайында қорытындыға келді.