Қиыр Шығыс кафедрасында магистранттардың ғылыми семинар өтті

24 ақпан, 2023

    2023 жылдың 22 ақпанында жоспарға сәйкес Қиыр Шығыс кафедрасында 1 курс магистранттары Владислав Пищалин мен Диана Қасымованың ғылыми семинарлары өтті. Магистранттар диссертация тақырыптары бойынша баяндамалар жасады, мақсаттары мен міндеттері, жоспары мен ақпарат ревью көрініс тапты. Спикерлер дайындықтың жақсы деңгейін көрсетті. Владислав пен Диана өз баяндамаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысы туралы айтты. Магистранттар ғылыми жетекшілермен тығыз байланыста болады, диссертацияның құрылымы мен мазмұны бойынша жұмыс жасайды. Владислав пен Диана өз еңбектерінде оқытылатын тіл елінің де, Қазақстанның да заманауи және өзекті сыртқы саяси мәселелерін шешуді басшылыққа алады.

    Ғылыми семинарға Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы – т.ғ.к., доцент м.а. Балакаева Л.Т., PhD, доцент м.а.Ахапов Е.А., сонымен қатар 2 курс докторанты Исмаилова С., магистранттар: Тұрағұлова А., Сәбитқызы А., Нығметова Д., Орынбаева Б., Оразбаев Б., Мұратханқызы Н. қатысты. Магистранттар белсене қатысып, сұрақтар қойып, баяндамашылардың сұрақтарын шешу жолдарын ұсынды, баяндамашылар жан-жақты жауап берді. Семинар достық және жемісті ахуалыда өтті.