Көптілді білім беру мен зерттеулердегі инновациялық лингвистикалық тәсілдер мәселелері

27 ақпан, 2023

2023 жылдың 23 ақпан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Көптілді білім беру мен зерттеулердегі инновациялық лингвистикалық тәсілдер мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы конференцияның пленарлық отырысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Тұран-Иран ғылыми зерттеу орталығының» директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей «Тіл – достық пен қарым-қатынас құралы» тақырыбында баяндама жасады.