Король салман атындағы халықаралық араб тілі академиясының өкілі бізде қонақта

27 ақпан, 2023

22.02.2023 Сауд Аравиясында орналасқан Король Салман атындағы Халықаралық араб тілі академиясының мүшесі доктор Али Мудуах әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне зияратпен келді. Доктор Мудуах университетті, университет кітапханасын, Шығыстану факультетін көріп, деканның м.а. Н.Б. Еммен кездесіп, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессор-оқытушы құрамымен Қазақстандағы араб тілінің болашағы жайында тілдесті.