АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

21 ақпан, 2023

2023 жылдың 21 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің  "Экономика" кафедрасы ашық есік күнінұйымдастырды.

Мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандық таңдауында кәсіби бағдар бере отырып қазіргі заман талабына сай экономикалық мамандықтар жөнінде ақпараттар беру.

Іс-шараға «№ 178 мамандандырылған лицей», «№ 159 Ы. Алтынсарин атындағы гимназия»,  «№ 173 мектеп-лицей», «№ 138 М. Базарбаев атындағы гимназия», «24 лицей» оқушылары қатысты.

"Ашық есік күніне" арналған іс-шараның ашылуына кіріспе сөз экономика факультетінің деканы, Бимендиева Л.А. берілді, ол оқушыларға және барлық қатысушыларға жылы лебізімен бөлісті. Кафедра меңгерушісі Даулиева Ғ.Р. мен кафедра оқытушылары Андабаева Г.К., Болуспаев Ш.А. болашақ талапкерлерге жалпы білім ордасы, оқытылатын білім беру бағдарламалары, мамандықтар, көрсетілетін қызметтер, аталған оқу ордасында білім алудың артықшылықтары мен ұсынылатын мүмкіндіктері туралы презентациялық және бейне шолулар арқылы толық мәлімет беріліп, буклеттер таратылды. Экономика мамандығының 2 курс студенттері Қосбай Зере мен Тәпи Ернар өз мамандығы бойынша түсіндерме жұмысын жүргізді. Оқушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға толыққанды жауап беріліп, экономика мамандығына деген қызығушылықтарын арттырды.

Іс-шара барысында, «Экономика» кафедрасының оқытушылары Иляшова Г.К., Есенгельдиева Г.Т., Тураров Д.Р. пен 1 курс магистранттары Университет Кампусына саяхат жүргізіп, оқушыларды "Керемет" СҚО, әл-Фараби кiтапханасымен таныстырды.

Іс-шара соңында, оқушылар барлық кафедра оқытушылары мен магистранттарға алғысын білдірді.