«Бизнес технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті

1 наурыз, 2023

2023 жылғы 1 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті  «Орталық Азия жастары арасында БҰҰ тұрақты дамуының 17 мақсатын насихаттау»  тақырыбында бірлескен халықаралық іс-шара өткізді. Студенттер өз баяндамаларында Қазақстан мен Өзбекстанның тұрақты дамуы саласындағы мәселелерді айтты. Атап айтқанда, білім беруді дамыту, білім беру сапасы, жұмыссыздық, экология мәселелері, Орталық Азия елдеріндегі жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері. Дөңгелек үстелде студенттер пікір алмасып, ОА елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар берді, сондай-ақ студенттер тұрақты даму (ТДМ) және басқа да маңызды қызмет бағыттары саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде шешім қабылдады.Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес технологиялар» кафедрасының  ПОҚ-ы.: Ахметова З.Б., Турлыбекова Н.М., Бейсенова М. У., Кажмуратова А. К., Болтаева А. Ж., «Халықаралық логистика» мамандығының магистранты Аханов Р.,  «Логистика» мамандығының 3-курс студенттері (орыс тобы); Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің «Әлеуметтану» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы:  Аликариев Н.С., Аликариева А.Н., «Әлеуметтану» мамандығының  2 курс студенттері.