- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының студенттері орыс халқының халық тағамдарының қыр-сырын білді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының студенттері орыс халқының халық тағамдарының қыр-сырын білді
2023 жылдың ақпанның 22 жұлдызында Алматы қаласындағы «Ресей үйі» мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультеті орыс филологиясы әлем әдебиеті кафедрасымен бірлесе отырып «Масленица» мерекесіне орай шетелдік студенттерге мастер-класс өткізілді.
Тәжірибелі аспаз Галина Васильева болашақ орыс тілі пән мұғалімдеріне құймақ дайындауды үйретті, сүйікті дәстүрлі орыс халқының тәттісін дайындаудың құпияларымен бөлісті.
Студенттер қауымы ынта-жігермен қамырды араластырып, құмарлықпен қызығып құймақты дайындады. Жалпы айта келе, бүгін құймақты бәрі бірігіп дайындады – студенттер де, оқытушы Бегалиева Сәуле Баязқызы, педагогика ғылымдарының докторы, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры және Алматы қаласындағы Ресей үйінің жетекшісі Татьяна Барышникова мен қызметкерлер де ат салысты!
ТМД мемлекеттері арасында орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде жарияланған жылы бұл халықаралық кездесу барлық адамдар үшін жарқын оқиға болды!