1-наурыз күні жыл сайынғы дәстүр бойынша Ө.А. Жолдасбековтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

3 наурыз, 2023

     Қазақстандық ғылым, білім және еліміз үшін көп еңбек еткен Өмірбек Арысланұлы - бірегей түлға, Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының іргетасын қалаушысы. Оның есімімен жаңа мамандықтар, ғылыми бағыттар, кафедралар мен ғылыми орталықтардың құрылуы, Қазақстанның Ұлттық Инженерлік Академиясы және бүгінде оның есімімен аталатын машина жасау институты тығыз байланысты. 

   Ө.А.Жолдасбековтың кезінде Қазақстанның ғылымы мен білімінің символына айналған бірегей кампус - ҚазҰУ қалашығының негізі салынды.

                                              

     Гүл қою рәсімінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржылық қызмет жөніндегі проректоры К.Н.Абдуллаев, филология факультетінің деканы, ҚР ҰҒА мүше корреспонденті, филол.ғ.д., профессор, Ө.А. Жолдасбековтың қызы Б.Ө.Жолдасбекова, механика-математика факультетінің деканы У.С.Абдибеков және әріптестері мен оқытушылары, оқушылары сөз сөйлеп, Өмірбек Арысланұлын еске алды.