Жазушының жаңа кітаптары жарық көрді

6 наурыз, 2023

    Жазушы, зерттеуші Нұрхалық Абдырақынның «Жан тыныштығы» атты әңгімелер жинағы, «Елді ұстап тұратын төрт топ» атты эсселер мен ойтолғам кітабы жарық көрді. Аталған кітаптарды «Дарын баспасы» шығарды.«Жан тыныштығы» – бүгінгі өмірдің өзі. Қаламгердің жаңаша стильде жазған әңгімелері оқырманды бей-жай қалдырмасы анық. Философиялық түйіндерге негізделген бұл жинақта автор адамның ішкі рухани әлеміне сүңгиді. Шығармалардың сюжеті тартымды тілмен, кестелі оймен әдемі өрнектелген. Кітаптың тілі шұрайлы, ойы орамды, айтары анық, оқуға жеңіл.Жазушының «Елді ұстап тұратын төрт топ» кітабы ойлардың терең иірімдерінен туған дүние. Сіз күнделікті өмірдің күйбеңімен ескере бермеген көп нәрселерге басқаша қарайсыз, тың ойлар береді, философиялық түйіндерімен бірге, өмірдің әдемі, эссесін шертеді, жеңіл тілмен, кестелі оймен әдемі өрнектеген. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.