Қол ұстасып жаңа болашақты құрамыз

6 наурыз, 2023

   2023 жылдың 3-наурыз күні Қытайтану кафедрасының оқытушылары жұмысберуші серіктес мекеме «Алматы қаласындағы Қытай Сауда-Өнеркәсіп Банкі» АҚ-ның 30 жылдық мерей той салтанатына қатысып қайтты. Қазақстан нарығында өте белсенді жұмыс жүргізіп отырған банк, Қытайдағы ғана емес әлемдегі ең ірі, ең бай банктердің қатарына кіреді. «Қол ұстасып жаңа болашақты құрамыз»  деген атпен Абай атындағы опера және балет театрында өткен іс-шараның ресми жиынынан бөлек, келген қонақтарға «Кармен-сюита» және «Шахерезада» балеттері көрсетілді. Айта кететін бір жайт, қазір «Алматы қаласындағы Қытай Сауда-Өнеркәсіп Банкінде» Қытайтану кафедрасының 5 бірдей түлегі жұмыс істеп жатыр.