Тұрақты даму мақсаттарына арналған іс-шара өтті

9 наурыз, 2023

     

 

     2023 жылдың 9-наурыз күні Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты бірлесіп, Тұрақты даму мақсаттарына арналған іс-шаралардың аясында, Бүкілқытайлық бейбітшілік және қарусыздандыру халық ассоциациясы делегациясымен кездесіп, дөңгелек стол өткізді.Бүкілқытайлық бейбітшілік және қарусыздандыру халық ассоциациясы ҚХР-дағы өте ірі үкіметтік емес құрылым. Ол Қытайдың ең ірі деген 25 қоғамдық ұйымын біріктіреді. Бұл ұйым әлемдегі 90 мемлекеттің 300-ден аса ұйымдары мен зерттеу орталықтарымен байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс жүргізуде.Бүгінгі әлемде қалыптасқан геосаяси жағдай бүкіл адамзаттың баласын алаңдатып отыр. Әлемдік және аймақтық қақтығыстар мен келіспеушіліктер халықаралық аренада қалыптасқан тәртіпке үлкен қауіп төндіруде. Мұның бәрі жиналып келіп мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты шиленістіріп, тұрақты дамуды тежейді. Бүкілқытайлық бейбітшілік және қарусыздандыру халық ассоциациясы осы бағытта біраздан бері белсенді жұмыс істеп, бай тәжрибе жинаған ұйым. Қазақстан мен Қытайдың арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты дамуына кепіл болатын болашақ қытайтанушы мамандармен кездесу барысында, ассоциация өкілдері өздерінің істеп жатқан жұмыстары туралы кеңінен таныстырып өтті. Қазақ ұлттық университетімен болашақта бірлесіп жұмыс істеу ниеттерін білдірді және түрлі деңгейдегі іс-шараларды бірлесіп өткізу жоспарлары барын айтты. Жиында оқытушылар мен студенттер әлемдік, аймақтық және екі ел арасындағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты сұрақтар қойды. Ассоциация өкілдері барлық сұрақтарға жан-жақты, тыңғылықты жауап берді.