Экологиялық мінез-құлықты қалыптастыру

13 наурыз, 2023

2023 жылдың 10 наурызында сағат 11.00-де 201 аудиторияда «Менеджмент» кафедрасының оқытушылары Туребекова Б.О., Адамбекова А.А., Сугирова Г.С., Кунанбаева Д.А., Джулаева А.М. 1-2 курс студенттерімен және 1 курс магистранттарымен эколог, «Recycle Birge» экологиялық қозғалысының жоба жетекшісі, волонтер Сайлаубекова Пакизат Нұрсұлтанқызымен қалдықтарды сұрыптау мәселесін белсенді талқылауды ұйымдастырды. Шара «Тұрақты даму мақсаттары» шеңберіндегі 12 мақсатына бағытталғантиімды  өндіріс және тұтыну.

Экономика жоғары мектебінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканының орынбасары Ақнұр Жидебекқызы салем беру сөзін айтып, экологиялық мәселелерді шешуге әр адамның үлес қосуының маңыздылығын атап өтті. 

Әрі қарай Сайлаубекова П.Н. «Алматы қаласы бойша қалдық сүріптау жүйесі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс интерактивті түрде өтті, студенттерді қалдықтарды сұрыптау ойыны қызықтырды. Кездесу оқушылардың экологиялық тұрғыыданойлауын, саналы мінез-құлқын дамытуға бағытталды.