Клуб Oriental Science: Белялова А.Е.мен қорлар мен жобалар туралы сұхбат

14 наурыз, 2023

      2023 жылдың 10 наурызында Instagram платформасында Oriental science клубының жұмыс жоспары аясында Қиыр Шығыс департаменті басшысының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары м.а., доцент Белялова Айгерім Ермекқызымен тікелей эфирде сұхбат өтті. Сұхбат нәтижесі бойынша клубтың тең құрылтайшылары Қиыр Шығыс кафедрасының докторанты Исмаилова Сәуле мен магистрант Сейітов Руслан шығыстанушы ғалымдардың ғылыми қауымдастығын біріктіру, жас ғалымдар кластерін құру және ғылыми-зерттеу және ғылыми қызметке көмектесуді клубтың ең басты миссиясы деп есептейді және https://www.instagram.com/oriental.science сілтемесі бойынша барлығын қосылуға шақырады.

     Әңгімелесу барысында Әйгерім Ермекқызы Кореяда білім алып, Корея қоры сияқты халықаралық ғылыми-білім беру жобаларында жұмыс істеу тәжірибесіне тоқталды. Оның айтуынша, шетелде оқу шетелдік ғалымдармен жұмыс істеуде үлкен артықшылық береді. Кәрістермен оқу корей тілін білуді жақсартуға, елдің мәдениетін түсінуге, мамандықты тереңдетіп оқуға және презентация дағдыларын жақсартуға көмектеседі. Бағдарламалар мен қорлар жас ғалымдардың зерттеулері мен жұмыстарында көмектеседі. Сондай-ақ сұхбатта шетелдік тағылымдамадан өту және жобаларда жұмыс істеу, стипендиялық бағдарламалардың шарттары мен талаптары туралы айтылды. Мысалы, Оңтүстік Кореяда шетелдік ғалымдарды қолдауға бағытталған көптеген қорлар мен жобалар бар. Әйгерім Ермекқызы университетте ұстаздық қызметке қалай келгенін, білім саласында жұмыс істеуге деген ынтасын қалай сақтау керектігін де айтып өтті. Әйгерім Ермекқызының айтуынша, бұл ретте профессорлар мен ғылыми қауымның жеке үлгісі маңызды әрі басты рөл атқарады.

Сұхбаттың жазбасын https://www.instagram.com/oriental.science Instagram аккаунтында көруге болады.

Жаңа хабарландырулар мен сұхбаттардан хабардар болу үшін клубтың ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жазылыңыз:

https://www.instagram.com/oriental.science/

https://t.me/kaznu_oriental_club