Бір сахнада тоғысқан екі мәдениет

15 наурыз, 2023

14 наурыз күні қытайтану кафедрасының аға оқытушылары Қатбаева Гүлмира мен Бисенбаева Әсел, қытай апталығы аясында “Бір сахнада тоғысқан екі мәдениет” атты іс-шара өткізді. Іс-шараға қытайтану кафедрасының 1 курс және 2 курс студенттері ат салысты. Іс-шара барысында, жергілікті студенттер қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін, шетелдік Қытай студенттері өздерінің ұлттық Чуньцзие мерекесін таныстырып өтті.  Іс-шара соңында 1 курс студенттері мен 2 курс қытай студенттері бірігіп ерекше сахналық көрініс көрсетіп, қазақша және қытайша әсем ән орындады. Көрермендер іс-шара жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, болашақта осындай іс-шаралардың жиі өткізілуін сұрады.