"Менің өмірлік ұстанымым" атты халықаралық эссе байқауының марапаттау рәсімі

16 наурыз, 2023

     15 наурыз күні шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы мен Н.П. Огорев атындағы ғылыми-зерттеу университетінің арасында "Менің өмірлік ұстанымым" атты халықаралық эссе байқауының марапаттау рәсімі өтті. Факультет ішінде өткен эссе байқауының I турдың 1-ші орын иегері Кесен Махаббат, 2-ші орын Высоцкий Олег және Жамидолла Нұрлы, 3-ші орын Жұмабек Ақбота, Ерикова Айнара және Шегебаева Айсана марапатталынды. Халықаралық байқау бойынша 1-ші орын Дауренбаев Санат, 2-ші орын Қайратқызы Мадина және Жамидолла Нұрлы, 3-ші орын Шегебаева Айсана және Ерикова Айнара марапатталынды. Үздік жетекші марапатына Керимбаев Ержан,Анипина Алия,Дәуен Динара, Маулит Бақытнұр, Сапарбаева Нұржан,Тұрбек Мұрат,Оразақынқызы Фарида және Дүйсенбай Құлпынай. Екі Университеттер арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынастар университеттің дамуына үлкен үлесін қосып жатқанын көрсетеді.