Үнді мәдениетінің фестивалі

16 наурыз, 2023

     Құрметті әл-Фараби ҚазҰУ оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері! Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Сіздерді 24 наурыз 2023 жылы кешкі сағат 17:00-де Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшілігі, Свами Вивекананда Үнді Мәдени орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы филармонияның концерттік залында өтетін Үнді мәдениеті фестиваліне және мерекелік концертіне шақырады!

Фестиваль қонақтарына йога, мехнди өнері, Үндістанның дәстүрлі медицина жүйесі, үнді кәдесыйлары, шайлары, ұлттық киімдері мен зергерлік бұйымдары таныстырылады. Мерекелік концертке Өзбекстанның әйгілі Хавас тобы шақырылады!

Кіру тегін!