ҚазҰУ Наурызын дипломатиялық корпус өкілдері тамашалады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Наурыз мерекесін Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы және шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері мен консулдар да арнайы тамашалады.
Құрметті қонақтар қатарында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Ибраһим Айдемир, ТүркПА делегациясының басшысы Абдуллах Нури Айбаз, ТүркПА коммуникация маманы Тахмина Бакиева, Түркияның Бас консулы Али Рыза Акынжы, Өзбекстанның Бас консулы Аброр Фатхуллаев, Тәжікстанның Бас консулы Равшан Бобохонзода, Иран Республикасының Бас консулы Фагани Мохсен, Түркменстан Бас консулы Гадам Иламанов, Қырғызстан вице-консулы Нұрғазы Олғожаев болды.
Мәртебелі меймандар мерекелік бағдарламамен танысып, Наурыз мейрамының әлем елдеріне тойлануы дәстүріне ерекше назар аударды.
Шығыстану факультеті, Халықаралық қатынастар факультеті және Жоғары оқу орнына дейінгі білім факультетінің білімгерлері Наурыз тойының өз елдерінде тойлану дәстүрлерімен таныстырды.
Қонақтар Иран, Үндістан, Түркия, Қытай, Тәжікстан, Бангладеш, Ауғанстан, Моңғолия мемлекеттеріндегі Наурыз дастарханымен танысып, Наурызкөже түрлерінен дәм татты.
Сондай-ақ әр халықтың Наурызға қатысты салт-дәстүрлерін тамашалап, ұлттық мәдениетіне қанықты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Баспасөз қызметі