«Қазақстанның макроэкономикалық перспективалары: секторлар арасында портфельді қалай әртараптандыруға болады?» ҚР Ұлттық Банкінің экс-төрағасы Дамитов Қадыржан Кабдошевичтің дәрісі

20 наурыз, 2023

Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «coteaching» форматында ҚР Ұлттық Банкінің экс-төрағасы Дамитов Қадыржан Кабдошевичтің дәрісі өтті. Дәріс «Қазақстанның макроэкономикалық перспективалары: секторлар арасында портфельді қалай әртараптандыруға болады?» сұрақтарын қамтыды. Дәрістің мақсатты аудиториясы: Экономика кафедрасының 1 курс магистранттары 

Қ. К. Дамитов дәріс барысында  қазіргі елдің қаржылық жағдайы мен әлемде өршейіп жатқан дағдарыстың басты себептерін қарастырды. Сонымен қатар, өз тәжірибесінен нақты кейстармен бөлісіп, қаржылық өзгерістер мен реформалардықалай еңсергенін, Қазақстан тәуелсіздігін алмаған кездегі Ұлттық банк жүйесі мен  1993 жылы ұлттық валютамызды енгізгеннен кейінгі Ұлттық Банк жүйесінің күрт өзгерісін, бұндай күрт өзгеріске ешбір маманның дайын болмағанын жеткізе отырып, жалпы қандай қиындықтардың орын алғанын атап көрсетті. Елдегі қаржылық мәселелердің, банктің қаржылық диверсификация мәселесін өз алдына қойып, білім арқылы, іздену арқылы, жан-жақты болу арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатынын магистранттарға түсіндірді. Дәріс барысында Қадыржан Кабдошевич ҚР экономикасының диверсификациясы, макроэкономика деңгейіндегі елдің тепе-теңдік жағдайы, микроэкономика деңгейдегі диверсификацияның пайдасы мен кемшіліктерін қарастырып, сараптамалық тұжырымдарын ұсындыҚарастырылған мәселенің бірі - әлемдік деңгейде өршіп жатқан Silicon Valley Bank күйреуі салдарынан әлемдегі банктердің акцияларының түсуі. Ең бірінші бұл мәселенің не себептен орын алғанын аудиториямен «brainstorming» әдісінде талқылай отырып, қарастырды. Талдау нәтижесінде бұл банк акцияларының түсуі біздің елге қандай зиян алып келуі мүмкін екендігіне де тоқталды. Сарапшының пікірінше, елімізге тек жанама кері әсері болмаса, тікелей ешқандай әсерін тигізбейтінін жеткізе алды. 

Бұл өткен дәрістен алған әсерімізді түйіндейтін болсақүздік,  бәсекеге қабілетті маман иесі болу үшін, университет қабырғасынан алған білімге қоса, өзіңнің қызығушылығынды арттырып, қосымша іздену, сұрақтарға абстрактілі қарамай, толық ашып зерттеп, әр терминнің өзінің нақты мағынасын біліп, терминдерді бір-бірімен байланыста алу қажет. Көп жағдайда, жас мамандардың сұрақты дұрыс түсінбей жалпылама жауап қайтаруға тырысады, ал Қадыржан Кабдошевичтің тыңдарманға берген ұсыныстың бірі - ол әр сұрақтын астарын қарап, толық зерттей білуді үйрену.