Дөңгелек үстел ұйымдастырылды

24 наурыз, 2023

«Қытайтану апталығының» жабылуына орай наурыз айының 17-сі  күні 1 курс эдвайзері Катбаева Гүлмира жергілікті студенттер мен қытайлық студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында екі ел студенттері бір-біріне қазақтың Наурыз мерекесі мен қытайдың «春节» мерекесін таныстырды. Онда екі ұлт мерекелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтылып, екі тарап бір біріне сұрақтар қойып, қызу талқыға ұласты. Сондай ақ, мерекелік дастарханда қойылатын тағамдар, киім үлгілері, ұлттық ойындар туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Іс-шараның соңында, мерекелік дастархан жайылып, Наурыз мерекесі тойланды.