Музыка арқылы тіл үйрену

27 наурыз, 2023

     20 наурызда Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінде Пусан Шет тілдері университетінің оқытушысы Чой Джи Енг "музыка арқылы корей тілінен сөйлеу сабақтары"тақырыбында арнайы дәріс өткізді. Дәрісті корейтану бөлімінің 1-3 курс студенттері тыңдады. Дәрістің 3 сағатқа созылғанына қарамастан, студенттер қызыға тыңдап, уақыттың созылғанын сезбей де қалды. Өздерінің сүйікті әндерін тыңдап қана қоймай, корей сөздерінің лексикалық-семантикалық құрамын талдап, корей әндерінің орыс және қазақ тілдеріне аудармасына салыстырмалы талдау жүргізді.