Қытайтану кафедрасының студенттері "Достық диалогына" волонтер ретінде қатысты

29 наурыз, 2023

     Қытай Халық Республикасы СУАР ҚКП парткомының хатшысы, ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшесі Ма Синжуйдың Алматы қаласына келуіне орай, 2023 жылдың 28-наурыз күні «InterContinental» қонақ үйінде ҚР сауда және интеграция Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесуге және ҚР мен ҚХР (ШҰАА) шекара маңы ынтымақтастығының 2-ші достық диалогы іс-шарасына Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының 5 оқытушы, 4 магистрант және 17 студент волонтер ретінде жіберілді. Іс-шараға қатысқан оқытушылар, магистранттар, студенттер екі елдің мемлекеттік қызметкерлері мен іскер адамдарына бір-бірімен еркін араласып, қарым-қатынас жасауына көмектесіп, аударма жасады.