3-курс докторанты «Іскерлік этикет/商务» қарым-қатынасында қолданылатын тіркестер» тақырыбында семинар өткізілді

29 наурыз, 2023

    2023 жылдың 28 наурызында әл-Фараби ҚазҰУ Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасында 3-курс докторанты Ибраимова А.Р. «Іскерлік этикет/商务» қарым-қатынасында қолданылатын тіркестер» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда автор қытай тіліндегі іскерлік қарым-қатынаста қолданылатын ауызекі стилінің бірнеше түрлеріне тоқталып өткен. Сонымен қатар, қазақ және қытай халықтары арасында іскерлік қатынас орнату барысында сол елде қалыптасқан ережелерге сәйкес принциптерге және тілдік нормаларға сүйене отырып жүзеге асырылатындығының қажет екендігі атап өтілді. Осыған орай, адресант пен адресат арасындағы қарым-қатынастың сыпайы формада қолдану ережелері, қазақ-қытай халықтары арасында жүзеге асырылатын тілдік бірлігінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын лингвомәдениет, салт-дәстүр мен ұлттық менталитет тұрғысынан салғастырылды.