"Tav Airports Holding" компаниясында ұйымдастрылған "Crisis Management" пәні аясындағы дәріс

29 наурыз, 2023

2023 жылғы 28 наурызында "Менеджмент" кафедрасының оқытушылары "TAV Airports Holdingкомпаниясымен бірлесе отырып 1 курс докторанттарына, 1-2 курс магистранттарына және 3 курс бакалавриат студенттеріне арналған "Crisis Managementпәні аясындадәріс ұйымдастырдыДәріс Алматы халықаралықәуежайының VIP конференц-залында өтті

"Дағдарыс-Менеджмент жүйесі: "Tav Airports Holding" компаниясының нақты жағдайлары" тақырыбында дәрісті PhD докторанттары Ф. Омур, Й. Пакер және М. Гузель оқыды. Іс-шара интерактивті форматта өтті, студенттер мен оқытушылар тарапынан үлкен қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды. "Tav Airports Holding" қызметінің, сондай-ақ халықаралық тасымалдау саласында жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың тәжірибелік жағдайлары,компания қызметі барысында туындайтын дағдарыстық жағдайларды болжау және еңсеру тұрғысынан қаралды. Дәріс барысында "TAV Airports Holding" дағдарыс-менеджмент жүйесіне, сондай-ақ, оны халықаралық аэрохабтарда құрудың негізгі қағидаларына сипаттама берілді.

"Менеджмент" кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., доцент А.Н. Тургинбаева ұйымдастырушылар мен дәріскерлерге сабақтың практикалық бағыттылығы және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысын білдірді.

Іс-шараны «Менеджмент» кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды: э.ғ.к., аға оқытушы Б.О. Туребекова, э.ғ.к., доцент м.а. Г.С. Сугирова, э.ғ.д., профессор А.А. Адамбекова, э.ғ.к., аға оқытушы А.М. Джулаева, э.ғ.д., доцент Д.А. Құнанбаева.