ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі профессор Нәбижан Мұқаметханұлының дәрісін бейне таспаға түсірді

31 наурыз, 2023

     2023 жылдың 31-наурыз күні ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының профессоры Нәбижан Мұқаметханұлының дәрісін бейне таспаға түсірді. Бұл жоба университетміздің Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың идеясымен жүзеге асып жатыр. Бұл лекциялар "ҚазҰУ ғалымдарының дәрісі" деген рубрикамен Фараби медиа Ютуб каналында бағдарлама ретінде жүргізіледі. Бағдарламада университетімізге еңбегі сіңген, көпшілікке танымал оқытушы-профессорлардың дәрістері көрсетіледі. Осы жобаның арқасында университетіміздің архивы да қалыптасып келеді.