Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасында Корея Республикасының Алматыдағы Білім беру орталығының қолдауымен «Корейтану апталығы»

6 сәуір, 2023

      Сәуірдің 3-7 аралығында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасында Корея Республикасының Алматыдағы Білім беру орталығының қолдауымен «Корейтану апталығы» өтеді.Дүйсенбі, 3 сәуір, «Корейтану апталығының»  ашылуына орай, 1-2 курс студенттерінің арасында 1, 2 және 3 эдвайзерлері Сермухаметова Б., Сайлаукенова Ә., Бегалиева М. Және кафедра профессоры Ли Б.Д. ұйымдастыруымен «Мен және Корея» атты викторина өтті. 1-2 курс студенттері жеребе бойынша «Хяңги», «Хораңи», «Хэтбит» және «Ккум» деп аталатын 4 топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Сайыс барлығы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер жалпы Корея жайлы сұрақтарға жауап берсе, екінші кезеңде Кореяның танымал тұлғаларына қатысты куиз болды. Үшінші кезең студенттердің корей тілі бойынша білімдерін анықтауға бағытталды. Шешуші, төртінші кезеңде әлем жастарының ыстық ықыласына ие болған К-ПОП әртістері мен әндеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Тартысты өткен викторинаның нәтижесінде 23 балл жинап, озық шыққан «Хэтбит» тобы жеңіске жетті. Іс-шара соңында сайысқа қатысқан және ұйымдастыруға атсалысқан барлық студенттерге сыйлықтар табысталды.