- Басты бет
- Жаңалықтар
- "INTERNATIONAL SATBAYEV CONFERENCE 2023" (СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ-2023) АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
"INTERNATIONAL SATBAYEV CONFERENCE 2023" (СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ-2023) АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
![](/storage/news/36967_large.jpg)
2023 жылдың 12 сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Satbayev University) "International Satbayev Conference 2023" (Сәтбаев оқулары-2023) атты халықаралық конференциясы өткізілді. 2023 жылдың басты тақырыбы "Ғылым және технологиялар: идеядан өндіріске ендіруге дейін".
Өткізілген орны: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (Satbayev University)
Конференцияның жұмысы келесі ғылыми бағыттарда жүргізілді:
1. Қазақстанның ТМК дамытудың ғылыми-инновациялық тұжырымдамасы;
2. Жаңа кезеңде негізгі секторларды трансформациялаудың қиындықтары мен мүмкіндіктері;
3. Машина жасау және энергетика саласындағы инновациялық даму тенденциялары;
4. Компьютерлік ғылымдар, инженерия және ақпараттық технологиялар: теориядан қолданбаларға өту;
5. Азаматтық және көлік құрылыстарын салуда инновациялық технологияларды игеру және енгізу;
6. Әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдарды дамытудың заманауи тенденциялары.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультеті «Механика» кафедрасының 4 курс студенттері Абдидин А.Н. мен Момыш Н.Б. аталған конференцияның « Машина жасау және энергетика саласындағы инновациялық даму тенденциялары» бөліміне қатысып, 2-орын иеленді.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/194455977467ab35a8653b3906468610_1.jpg)
![](/storage/news/351810717867a9ee03d9667343880780_004.jpeg)
![](/storage/news/199226542767ab129ced022779042524_12.jpeg)