- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ ректоры Санкт-Петербор университеті «Технополис» ғылыми-зерттеу корпусының жұмысымен танысты
ҚазҰУ ректоры Санкт-Петербор университеті «Технополис» ғылыми-зерттеу корпусының жұмысымен танысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев екі күндік сапары барысында Санкт-Петербор политехникалық университетінің «Технополис» ғылыми-зерттеу корпусының жұмысымен танысты.
Бұл зерттеу корпусы аясында ірі ресейлік және шетелдік компаниялармен бірлескен орталықтар құрылып, ортақ жұмыстар атқарылуда. Ресей өнеркәсібінің өзекті мәселелерін шешу үшін инженерлік кадрлар мен ғалымдар тобын даярлаудың серпінді ғылыми-білім беру технологиялары әзірленуде.
СПбПУ ректоры Андрей Рудский және халықаралық қызмет жөніндегі проректор Д.Арсеньев ҚазҰУ ректорын «Технополис» орталығындағы зертханалар жұмысымен таныстырды. Аддитивті технологиялар зертханаларында, машина жасау, материалдар және көлік институтында, жеңіл материалдар мен конструкцияларда ғалымдар мен студенттер жұмыс істейтін жабдықтар мен жобалар ұсынылды.
Институт директоры Анатолий Попович бұл институт құрамына жаңа өнімдерді зерттеу және жобалау, технологияларды әзірлеу және жаңа білім беру бағдарламаларын құру саласында көпжылдық тәжірибесі бар төрт жоғары мектеп кіретінін атап өтті. Аталған мектептер автоматтандыру, робототехника, цифрлық инжиниринг, жаңа материалдар, басқару жүйелері, көлік және логистика сияқты салаларда кадрлар даярлауды жүзеге асырады.
ҚазҰУ ректорын соңғы ғылыми жаңалықтар және зерттеулермен таныстырған Анатолий Попович университет зертханаларында тұщы суды тазарту технологиясы, металдан жасалған 3В басып шығаруға арналған нейрожелі құрылғанына баса назар аударды. Сондай-ақ ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевқа инсульттан кейін емделушілерді оңалтуға көмектесетін ойын кешені және басқа да жобалар көрсетілді.
Бұдан әрі цифрлық трансформация жөніндегі проректор Алексей Боровков «Әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтың» қызметі туралы айтып, СПбПУ ӘдҒО ғылыми-зерттеу бағдарламасы 35 ғылыми тақырыптар мен зерттеулер және әзірлемелерді қамтитынын атап өтті.
Бүгінгі таңда Санкт-Петербор университетінің ғалымдары мен студенттері қуатты «Политехникалық» суперкомпьютерлік орталықты пайдаланады. Ректор Жансейіт Түймебаев цифрландыру, цифрлық егіздер, модельдеу саласындағы «Әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтың» ірі жобаларымен танысты.
Экскурсия барысында зертхана басшысы М.В.Болсуновская «Деректерді ағынмен өңдеудің өнеркәсіптік жүйелері» зертханасында әзірленіп жатқан жобалар туралы да айтып берді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі